wrapper

Соңғы жазбалар

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз керіс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі»,— деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:

Үргеніш шешені: - Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? — деп сұрайды.

Сырым батыр:

- Сөз анасы — құлақ,

Су анасы — бұлақ,

Жол анасы — тұяқ! — деп жауап береді.

Үргеніш шешені: - Дау мұрады не?

Сауда мұрады не?

Қыз мұрады не?

Жол мұрады не? — дейді.

Сырым батыр:

- Дау мұрады — біту,

Сауда мұрады — ұту.

Қыз мұрады — кету,

Жол мұрады жету,— дейді.

Үргеніш шешені: - Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? — деп сұрайды.

- Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? — дейді.

Үргеніш шешені:

- Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? — Дейді.

Сырым батыр:

- Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,— дейді.

http://massaget.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk