wrapper

Соңғы жазбалар

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  бір күні сахабаларына былай деп сыр шертті:

–Мен Миғражға көтерілгенде, жұмаққа кірдім. Жұмақта бір періштелердің алтын мен күмістен ғимарат соғып жатқанын көрдім. Алайда бір қызығы олар арагідік тоқтап, күтіп қалады екен. Соны байқап олардан: «Сіз неге кейде әрекет етіп, кейде тоқтап қаласыздар?» деп сұрадым. Періштелер: «Қажет жабдықтар қолымызға тисе, жасаймыз. Тимесе, күтіп тұрамыз» деп жауап қайырды.

- Құрылыстарыңызға қандай жабдық қажет? , - деп тағы сұрадым. Бұған естіген жауабым мынау болды: «Бізге қажет жабдық: «Сүбханаллаһи, уәлхамду лилләһи, уә лә иләһа иллаллаһ, уаллаһу әкбар!» деген дұға. Мүміннің бірі осыны айтқанда, біз ғимаратты соға бастаймыз. Ешкім айтпаса, тоқтап қаламыз»


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk