wrapper

Соңғы жазбалар

Әсма бинт Әбу Бәкр әс-Сыддиқ (р.анһа): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Қапшығыңның аузын байлап, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе Алла Тағала да саған (беретін ризығын) байлап тастайды», – деп айтты», – деген (Бұхари, зәкәт 21; Муслим, зәкәт 88).

Түсіндірме: Осы хадиске қатысты басқа бір риуаятта Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Садақа берсем, дүнием кеміп қалады деп қорықпа, жомарт бол. Дүниені, ақшаны жиған үстіне жиып, қайта-қайта санама. Сараң болма. Әйтпесе, Алла Тағала да саған ризық-несібе бергенде (үйіп-төкпей) санап беретін болады. Қажетіңнен артылған дүниені (ақшаны) мұқтаждарға бермей тығып қойма. Егер сөйтетін болсаң, Алла Тағала да солай істейді».


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk