wrapper

Соңғы жазбалар

Әбубәкір Сыддық халифалық етіп тұрған уақытта өз басынан өткен мына уақиғаны айтқан: “Бір күні Мәдинаны аралап жүргенімде үйлердің ішіндегі ең жұпыны, аласа ғана тұрған үйшіктің қасына барып тоқтадым. Есік алдына барып, үй ішіндегілерден кіруге рұқсат сұрадым. “Кір” деген әлсіз, қарлыққан дауысты естіп ішке кіргенде үй ішіндегі арық, әлі кеткен әйелді көзім шалды. Айналасында ішер ас, сусын көре алмадым. Әйелдің қимылдайтын да шамасы жоқ еді. Оның қасына жақындап, оған қамқор болып, қарайтын адамның кім екендігін сұрағанымда ол: “Менің Алла Тағаладан басқа ешкімім жоқ.

Ұлым Алла жолында ұрыста жүріп шәһид болды. Ол кеткеннен сенің келгеніңе дейін маған ешкім келіп жағдайымды сұраған емес,” - деді. Мен оған: "Осы уақытқа дейін не жеп, не іштіңіз, шеше?” - дегенімде ол: "Балам соғысқа кетер алдында құрма мен су қалдырған, содан күніне екі-үш құрма жеп, екі-үш жұтым суға қанағат етумен болдым. Ол да таусылды, қазір талғажу етер еш нәрсе қалған жоқ,” - деді. Мұны естіген Әбубәкір жылап жібере орнынан тұрып, намаз оқиды. Алладан кешірім сұрайды.

Сол күннен бастан әр күн сайын қарт анаға тағам мен сусын әкеліп тұруды әдетке айналдырады.

Ғибрат: Әбубәкір Сыддық халифа бола тұра қарт әйелге қызмет етіп, күніне тамақ пен сусын жеткізіп тұруға арланбаған. Өйткені ол мұндай қайырлы істің  Алла  алдында  зор  сауапқа  ие ететіндігіне иманы кәміл еді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk