wrapper

Соңғы жазбалар

Алла Тағала Құран Кәрімде: “Адамдарға ата-анасына жақсылық етуді бұйырдық” - дейді. Ата-ананың көңілінен шығып, оларға жақсылық жасау адамға дүние мен ақыреті бақытын әкеліп, оны екі дүниенің азабынан сақтайды. Ата-ананың өз балаларында көптеген қүқықтары бар. Балалары сөздерін тыңдауға, қартайған шақтарында көмек көрсетіп, қажеттерін өтеуге, күнделікті тамақтарына, қажет-жарақтарына жәрдем етуге борышты. Сондай-ақ, оларды зиярат етіп, ісімен де, сөзімен де жәрдем берулері тиіс. Егер ол екеуінің уақыты жетіп, дүниеден өтсе оларға дұға етіп, Құран оқу, мұқтаж, кемтар адамдарға тамақ беріп, садақа ету т.б. Алла Тағала разы болатын жақсы істер істеу арқылы оларға Қүдайдан рахым сұраулары керек.

Алла Тағала мұсылмандарға өз ата-анасына кейіп, ренжітуге тыйым салды. Ол туралы Құран Кәрімде: “Егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де кәрілік жетсе, оларға “Туһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп, мархабат құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі кішкентайымда тәрбиелегендей, Сен де оларды мархабатына бөлей гөр!” - де,” - делінген.

Бұл аяттар адамзатқа өз әкесі-шешесіне мейірімді, жаны ашығыш болып, оларға кейіп, дауыс көтермеуді, тек жақсылықта жасауды, оларға Алла Тағалағадан рахым тілеуді үкім етеді.
Алланың елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп: “Ей, Алланың елшісі, маған ең жақын адам кім?” - деп сұрайды. Ол: “Анаң,” - дейді. Содан тағы да: “Одан соң кім?” - дейді. Алланың елшісі (с.а.с.) оған тағы да: “Анаң,” — деп жауап береді. Әлгі кісі өз сұрағын үшінші қайталағанда тағы да “Анаң” деп жауап береді. Содан соң жаңағы сұрақты қайталап: “Одан кейін кім?”— дегенде: “Әкең,” - деп жауап қайтарады.
Сондай-ақ, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп соғысқа шығуға рұқсат сұрағанда Алланың елшісі (с.а.с.): “Әке-шешең тірі ме?” - деп сұрайды. Ол: “Ия,” - деді. Оған: “Олай болса, ата-ананның қасында болып, оларға қара,” - дейді.
Ибн Масғүд былай дейді: “Алланың елшісінен (с.а.с.) бір күні “Аллаға ең сүйікті іс не нәрсе?” — деп сұрадым. Ол маған: “Уақытын-да өтелген намаз,” - деді. Содан кейін: “Тағы қандай іс?” — дедім. Ол: “Ата-анаға жақсылық жасау,” - деді. Мен: “Содан соң ше?”—дегенімде ол: “Алла жолында күш жұмсау,” - деп жауап берді.”

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk