wrapper

Соңғы жазбалар

Ертеде өтсе де кешегідей есте тұратын аңыздар бар. Бәлкім ақиқатынан болар. Соның бірі, мінеки. Сахара еліндегі бір патшаның уәзірі асқан сабырлы жан болыпты. Патшасына қуанышты іс болса да, қайғылы жағдай келсе де «Қайырлы іс болсын!» дей береді екен. Уәзірінің осы сөзінен патша тіпті, жалығыпты. Әлде бір күні патша аңға шығып жүріп, жазатайым бір саусағынан айырылады. Уәзірі келіп тағы да: «Арты қайырлы іс болсын, патшам!» дейді. Бір мүшесінен айырылып, қайғырып отырған патша: «Сен мені мазақ еттің!» деп, уәзірін зынданға тастатады.

Күндердің күні патша бір топ нөкерлерімен алыс орманда аң аулап жүріп, сондағы жабайы адамдардың қолына түсіп қалады. Олар адам етін жейді екен. Ұсталған құрбандарының дене мүшелерін бір-бірден тексеріп көреді. Өз дәстүрлері бойынша кемтар адам болса жемейтін болса керек. Бір саусағы жоқ патшаны босатып жібереді. Патша аман-есен еліне жеткен соң, уәзірін дереу зынданнан босаттырып, алдына келтіріп, кешірім сұрайды. Уәзірі тұрып: «Жоқ, патшам, мен сізге рахмет айтқаным жөн!» дейді. Патша: «Неге?» деп таңданыпты.

Сонда уәзірі: «Менің зынданға түскенім де қайырлы іс болды, егер зынданға түспегенде сізбен бірге аңға шығар едім. Сөйтіп, мен де жабайы адамдардың жемі болар едім ғой...» деген екен.

      ...Әр істі қайырымен Хақтан сұра,

      Біреуге қылма жаман, назары аштық.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk