wrapper

Соңғы жазбалар

Бірде бір кісі келіп, қартайған шешесінің мінезінен мезі болғанын айтып шағымданды. Пайғамбарыңыз (с.а.с) оған: - Сені тоғыз ай көтергенде мінезі жаман болмаған шығар? - деді. 

Әлгі кісі: - Рас, айтам, мінезі шатақ, - деп сөзінен қайтар болмады. 

Пайғамбарымыз (с.а.с) оған: - Сені бауырына салып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар? - деді. 
Шағымданушы тағы да анасын жамандауды жалғастыра берді. 

Пайғамбарымыз (с.а.с): - Сен үшін қанша түнді ұйқысыз өткізгенде мінезі жаман болмаған шығар? - деді. 
Әлгі кісі оның сауалынан кейін: - Мен оның борышын әлдеқашан өтегем, - деп қабағын кіржитті. Таңырқаған Пайғамбарымыз (с.а.с): "Анаңның ақысын қалай өтедің?" - деп сұрағанда, әлгі бейбақ: *Арқама салып қажылығын жасаттым*, - деді. Сонда Ақиық елші (с.а.с): *Сен оның бір толғағын да өтей алмайсың*, - деген еді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk