wrapper

Соңғы жазбалар

Бір күні Әбу Һұрайра (р.а.) жұма күні мешітке кіріп «Біздің мешітімізге жоламасын!» - деп үш рет қайталап айтты. Сонда одан:

- Ей, Әбу Һұрайра, ол кім біздің мешітке жоламайтын, - деп жамағат ішіндегі кісі сұрады.

- Апа-қарындасынан, тума-туыстан қол үзген адам, - деп жауап берді ол. Сонда бір жас жігіт мешіттен шығып кетіпті. Ол өз туыстарымен екі жыл араласпай, хабарсыз кеткен екен. Кейіннен ол туыстарынан кешірім сұрап үйіне барады. Сонда одан туыстары:

- Сені қай жел айдап келді? - деп сұрайды.

- Мені айдап келген әбу һұрайраның аузынан шыққан жел, - деді.

- Ол кісі не деді?

- Ол кісі (р.а.) туыстарынан қол үзген адам мешітке жоламасын, - деді. Ол (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бір нәрсе естіген болар, оны нақтылап сұрайық, - деп әбу Һұрайраның (р.а.) алдына барады. Сонда Әбу Һұрайра айтты:

- Мен Алланың Елшісінен (с.ғ.с.) естідім. Бейсенбі күні екінті намазынан кейін бүкіл жақсы амалдар айрықша көтеріледі.  Жұма күнгі бір сағат тілек қабыл болады. Тек тума-туыстан, апа-қарындастан қол үзген адамдардың жақсы амалдары өзіне қайтады, - деді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk