wrapper

Соңғы жазбалар

Бiр жолы Яхия пайғамбар Iбiлiстi (шайтанды) кездестiрiп:

– Ей, Iбiлiс! Сен адамдардың қайсысын жақсы көресің және кімді жек көресің? – деп сұрайды.

– Маған иман келтiргендердің ішінен сараң болғандары қатты ұнайды. Ал күнәһар адамдардың арасында жомарт, қолы ашық болғандарын жек көремін – дейдi Iбiлiс.

Мұның сырын білгісі келген Яхия пайғамбар:

– Неге бұлай? – Сараң адам менi өз сараңдығымен қуантады, өйткені Алланы ашуландырады. Мен сол үшін оны жақсы көремін. Ал күнәһар адамның жомарт болуынан  қорқамын, себебі Алла оны жомарттығы үшін жарылқап, барлық күнәсін кешiріп жіберуі мүмкiн – деп жауап беріпті. Иә, құрметті оқырман, Алланы ашуландыратын сараңдық деген қасиеттен сақ болайық. Сараң адам Ібілістің досы екен. Ал жомарт жан Алланың мейіріміне бөленетін пенделердің бірі. Арамызда Атымтай жомарттар көп болсын.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

kazislam.kz.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk