wrapper

Соңғы жазбалар

Нұх пайғамбар Алланың әмірімен иман келтіргендерді және жан-жануарларды кемесіне алады. Сөйтіп кеме шайқатылып, толқындар үстінде ойнап келе жатқанда кемеде бейтаныс шалдың отырғанын көреді. Нұх пайғамбар оған:

– Сен кімсің және мұнда қайдан келдің? – деп сұрайды.

Ібіліс малғұн:

– Мен сенің жолдастарыңның кеуделеріне мазасыздық кіргізіп, олардың жүректерін алып, саған тек денелерін қалдыру үшін келдім, – дейді.

Нұх пайғамбар:

– Жоғал бұл жерден, малғұн! – деп дауыстайды.

Шал кейпіндегі Ібіліс:

– Адам баласын бес нәрсе құртады. Мен саған соның үшеуін айтайын, – дейді.

Осы уақытта Алла тағала Нұх пайғамбарға: «Саған ол үш нәрсе керек емес, одан қалған екеуін сұра» – деп уахи жіберіпті. Нұх пайғамбар Ібілістен қалған екеуін айтуын сұрайды.

Ібіліс малғұн:

– Адамды қызғаныш және құмарлық құртады. Адам жұмақ бақшаларына кіргізілді. Алайда мен құмарлықтың арқасында Адамды азғырып, керегіме қол жеткіздім, сөйтіп, ол жұмақтан қуылды – депті. (Пайғамбарлар қиссасы кітабынан).


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk