wrapper

Соңғы жазбалар

Ерте заманда турашылдығымен есте қалған Нар деген әділ би болған деседі. Бір жолы сол Нар би жол жүріп, жолдағы ауылдардың біріне соғады. Қазақ ол заманда таң сәріден тұрып, малын өргізіп, қорасын сыпырып, атын ерттеп болып қана ертеңгі шайға отыратын. Нар би де өзгелерден бұрын тұрып, мал өргізіп тыста жүрсе, көрші ауылдың бір еркегі әйелін шыңғырта сабапты.

– Әй, оразасын ашпастан әйелін ұрып жүрген бұл қандай ақымақ? – дейді Нар шошына.
– Е, биеке, әлгі өздеріңіздің күйеулеріңіз ғой.
– Оның балалары бар ма еді? – деп сұрайды Нар.
– Көген көз жеті-сегіз баласы бар. 
Мұны естіген би дереу сол ауылдың қариясын шақыртып: «Әйелді еркелет, ол – сенің жұбайың, балаңды еркелет, ол – сенің ұрпағың. Әйелді сөзбен жықпай, таяқпен жығу – әр жаман еркектің қолынан келеді. Ақсақал, тентегіңе мен қолымды былғамайын, тыйымды өзіңіз салыңыз», – деп шөгіп отыра кетеді.
… Түс қайта Нар би ауылдан аттанар тұста жаңағы қария: «Биеке, біздің ауылдан да дәм тата кетіңіз», – деп алдынан шығады. Сонда Нар би: «Ана қадірін білмейтін ауылдан  дәм татпаймын», – деп атының басын өз ауылына қарай бұрған екен. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk