wrapper

Соңғы жазбалар

Қабір жанынан өткен кезде – қабірге салем беру және дұға тілеу дұрыс па?

Жауап. Уағалейкумуссалам! Ислам діні бұл дүниеден мұсылман болып қайтқан кісілерге тиесілі құрмет білдіруге бұйырады. Өлген кісі өлді, кетті деп қоймастан иман еткен бауырларымызға, ата-бабаларымызға дұға мен истиғфар (жарылқау) тілеуге болатынын хазіреті Пайғамбарымыз () үмметіне айтып кетті. Марқұмдарға дұға мен истиғфар жасауға болатынын Алла Тағала мына аят арқылы білдіреді:

وَالَّذِينَ جَاؤُوا مِن بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا  وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلّاً لِّلَّذِينَ آمَنُوا  رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ  

«Ей, Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма»[1]. Қайтыс болған кісі мейлі жақсы иманды пенде болсын, мейлі күнәкар пенде болсын тек оларды жақсылықпен еске алу біздердің міндетіміз. Себебі, хазіреті Пайғамбарымыз () бұл мәселе жайында былай деген: «Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар»[2].

Айша (Алла ол кісіге разы болсын) Алланың Елшісіне (): «Қабір зиярат ететін уақытта оларға қалай дұға етейін?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз () оған мына дұғаны оқуды бұйырады: «Жәбірейіл маған: Әлбетте Раббың саған Бақи зиратына барып олар үшін жарылқау етуіңді әмір етті, - деді». Мен (Айша) тағыда: «Ей, Алланың Елшісі! Олар үшін қалай дұға етейін?» - дедім Алланың Елшісі: «Былай де:

اَلسَّلامُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، ويرحم الله المستقدمين منا والمستأخرين، وَإنَّا إنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لاحِقُونَ " .رواه مسلم

«Әссәламу алейкум әһләд-дияри минәл-мумининә уәл-муслимин. Уә ярхамуллаһул-мустақдиминә миннә уәл мустахирин. Уә иннә иншааллаһу бикум ләхиқун»

«Ассаламу алейкум муминдер мен мұсылмандардан болған қауым жұрты! Алла бізден алдын өлгендерге және бізден кейін өлетіндерге рахым етсін. Алла қаласа бізде сендерге қауышамыз», – деп бұйырды[3].

Яғни мұсылман қабірлерінің жанынан өткенде жоғарыда Айшадан (Алла ол кісіге разы болсын) келген хадиске сай дұға етсеңіз болады.  

[1] Хашыр-10

[2] Тирмизи, Жәнаиз 34

[3] Муслим, Жанаиз 35

http://fatua.kz/kz/post/view?id=914


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk