wrapper

Соңғы жазбалар

Құрбан шалуда өкілдік

Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбанды бауыздайтын адамның мұсылман болғаны абзал. Яһуди немесе Христиандарға да бауыздатуға болады. Ӛйткені Құранда кітап иелерінің Аллаһ Тағала үшін бауыздағандарынан жеуге болатындығы баяндалған. «Кітап берілгендердің бауыздағандары және басқа да тағамдары сіздерге халал етілді. Сендердің тағамдарың оларға да халал етілді.» (Мәида сүресі, 5/5).Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немесе хат сияқты жолдармен өзінің орнына өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал» деп айтылған уақытта, ӛкіл сол адамның атына құрбан алып шалады. Хз. Әлидің Пайғамбарымыздың орнына ӛкіл ретінде құрбан шалғаны жӛнінде риуаят бар.

Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?

Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан түспейді.

Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма?

Қайтыс болған кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын қайтыс болғанға бағыштау ниетімен құрбан айт күндерінде, яки басқа кез келген уақытта Алла Тағала ризалығы үшін құрбандық шалуға болады. Шалған құрбандығының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ қайтыс болған кісінің тапсырып кеткен өсиетін орындау ниетімен шалған құрбандықтың етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.

«Ақиқа құрбаны» деп қандай құрбанға айтылады?

Жаңа туылған сәбидің басындағы шашына «ақиқа» делінеді. Алла Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сәбиге жеті күн толғанда шалу – абзал. Сәбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе күмісті садақа ретінде бері – сүннет. Құрбанның да сол күні шалынуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у) екі немересі Хз. Хұсайн мен Хз. Хасан үшін ақиқа құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі шалынған малдың етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» - делінеді.

Нәзір құрбаны

Көңілін көптен күпті еткен бір ісі орындалғанда я болмаса былай да бір малды шалам деп мұсылман баласының Аллаһ Тағалаға уәде беріп, сол уәдесінің уақыты келгенде шалатын малы «нәзір құрбаны» деп аталады. Мысалы, ауырып жатқан адам «осы ауруымнан айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын» деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы – уәжіп. Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адамның өзіне, балаларына, немерелеріне және әке-шешесіне, тіпті ата-әжелеріне де жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын кедейлерге тарату керек.

______________________________

1 Тирмизи, Адахи, 1.

2 Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.

3 Кәусар сүресі, 108/З.

4 Тирмизи, Адахи, 5.

5 Муслим, Сайд, 57.

6 Анғам сүресі, 6/162.

7 Хаж сүресі, 22/28.

8 Муслим, Хаж, 348.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk