wrapper

Соңғы жазбалар

Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, ӛткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін сол жағымен жерге жатқызғаннан кейін пышақты кӛз алдында жалақтатып қайрау – мәкруһ. Ал, қинамай сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздасын. Малдың жанын жай таптырсын.»Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата сол жағымен жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады: «Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мәмәти лилләһи Раббил ‘аламина лә шәрика ләһ»6. «Күмәнсіз менің намазым және басқа да ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ Тағала үшін. Оның еш серігі жоқ». Одан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» - деп, кімнің атынан сойылып жатқаны ниет етіледі. Артынша «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» - деп тәкбір айтып оң қолмен бауыздайды. Құрбан мал шалудың арнайы дұғасын білмеген адамдарға «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар! Құрбандығымды қабыл ала гөр!» деп ниет етіп, шала берулеріне болады. Тек қана құрбандық иесінің ғана «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» - деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» - деуі керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмилләһ» деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды.

Өйткені, Алланың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам. Құрбанның иесі құрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмилләһ» деп айтулары керек. Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру – мәкруһ. Ескерту: құрбан малы сойылатын жердің тазалығына көңіл бөліп, айналысын былғап, шашып кетпеуді қадағалаған жөн. Экологиялық тазалыққа кӛңіл бӛлудің де мұсылмандық әдептілікке жататынын анық.

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі

Бай болсын, кедей болсын, Құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап. Бір бөлігі – туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, білім жолындағыларға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей және мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады.

Алла Тағала Құран Кәрімде құрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер»7. Пайғамбарымыздың (с.а.у) шалған құрбанының етін қалай таратқандығы турасында Ибну Аббас былай деп риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.а.у) шалған құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын». Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату – мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды. Хазірет Әлидің былай дегені риуаят етіледі: «Алланың Елшісі (с.а.у) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін таратуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз»8 деді. Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk