wrapper

Соңғы жазбалар

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Ханафи мәзхабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу уәжіп. Уәжіптігінің дәлелдері: Алла Тағала Құран Кәрімде: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» 3 –деп әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Кімді-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» -деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек. Пайғамбарымыздың (с.а.у) «Құрбан шалыңдар! Өйткені, ол – Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», -деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Ӛйткені «сүннет жолы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.

Құрбан шалу кімдерге уәжіп?

Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін тӛмендегі шарттар керек:

1. Мұсылман болу;

2. Ақылды және балиғат жасына толған болу;

3. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау;

4. Негізгі қажеттіліктен тыс нисап мӛлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мӛлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мӛлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Басқа мәзхабтарда құрбан шалу уәжіп емес сүннет болғандықтан, оларда нисап мӛлшеріндегі байлыққа ие болу шарт емес. Жағдайы бар әркім-ақ құрбан шала алады. Біздің мәзхабта да нисап мӛлшеріндегі байлығы жоқ адамдар да құрбандық шалуына рұқсат. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.

Құрбан шалудың уақыты

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт ӛткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А’зибтің риуаяты бойынша: «Аллаһтың Елшісі (с.а.у): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанның отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімді-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», - деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk