wrapper

Соңғы жазбалар

Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, кӛп жыл бойы Алла Тағалаға жалбарынған-ды. Бұл тілегі әбден қартайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болмасы бар ма?! Зарыға күткен перзенті сондай тәтті, қылықтары да тым сүйкімді. Өзіне қолғабыс етуге жарап, қуанышы мен кӛзайымына айналған кез еді. Күндердің бірінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқандығын көрді. Өз бауыр етің балаңды өз қолыңмен өлімге қайтіп қиярсың?! Мына түстің мұншалықты мысымды басқаны несі?! Белгінің Жаратушыдан келгеніне кӛз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Не де болса нар тәуекел! Аллаһтың берген жаны Аллаһқа аманат. Баласына мейірлене көз тастады. Көңілі толқып, жүрегі елжіреп қоя берді. Әттең-ай, бала деген мұншалықты ыстық болар ма?! Жоқ! Шайтанның азғыруына көнбеген жөн. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сӛзсіз орындалуы тиіс.

Көңілін көптен қобалжытқан жайды баласына ретін тауып айтпақшы болып оқталғаны сол еді, тұтығып, тілі күрмеле берді. Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «Балам, түсімде Аллаһтың әмірімен сені құрбандық шалуға ниеттеніп, бауыздайын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?»- дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді. Жүзіне тесіле қараған күйі: «Әкетай, еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не де болса орында. Мен де сабырлылық, шыдамдылық танытармын. Тәуекел ет»,- деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес, Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді. Сол үшін де қыңқ деместен, кессең мойным міне деп пышаққа түсті. Әттең, қанша қайралса да пышақ ӛтпей қор қылды. Сонда да жалтармады. Алланың әміріне толықтай мойынсұнды. Соңында сын-сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді: «Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың. Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылайша марапаттаймыз!» Иә, Алла Тағала сынағаны болмаса Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибраһим пайғамбардың ӛзіне адалдығына, әмірін қалтқысыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Әйтпесе, Алла Тағалаға сойған малдардың еті мен жүні де қажет емес екені белгілі. Алла Тағалаға құлының ақ-адал ниеті мен кең пейілі-ақ жеткілікті. Иә, солай. Қартайып кӛрген қызығы, жалғыз тұяғы, асылдың сынығы, құлдығы Исмайыл үшін Ибраһим (а.с) нені де болса құрбан етуге бар еді. Өйткені, оны өте қатты жақсы кӛретін. Ал Аллаға деген махаббат балаға деген махабаттан әлдеқайда басым болуы керек еді. Алла соны ұқтырды. Алла жолында, Алланың үкімін орындауда басқа дүниелік ештеңенің оның орнын баса алмайтындығын кӛрсетті. Бұл сынақтардың ең ауыры еді. Бірақ ең мағыналысы да.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk