wrapper

Соңғы жазбалар

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Жәбірейіл періште «Сидратул Мунтәһаға» («Сидратул Мунтәһа» сөзі «шекараның соңы», «соңғы бекет» деген ұғымдарды береді. Яғни жұмақ бұлағының түбінен өсіп шыққан ағаш) келгенде, Жәбірейіл (а.с.): «Менің барар жерім осы жерге дейін. Ары қарай бара алмаймын. Егер бір қадам бассам, жанып күлге айналам»,-деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.), Ұлы Алла тағала белгілеген мақамға жеткенде, «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату уа-таййбату» (Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық) деп сәлем берді. Барлық мадаққа лайық Алла тағала былай жауап берді: «әс-Сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһ» (Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын!). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «әс-Сәләәму ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин» ((Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салихалы құлдарына болсын) деді.

Осы кезде жеті қабаттағы періштелер «Әшһаду әл-ләә иләһә илләаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ» (Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы, әрі елшісі екеніне куәлік етеміз),-деді (Бухари, Азан, 148, Муслим, Салат, 56-60). Осылайша мүміндер намазда «әт-тәһият» дұғасын оқу бақытына бөленген еді. Олай болса «әт-Тахият» - дұға. Оны намаздың соңғы отырысында оқу - уәжіп. «Әт-тахияттан» кейінгі «Аллаһумма салли, Аллаһумма бәрик» - салауат Бұларды намаз соңында яғни «әт-Тахият» дұғасынан кейін оқу - сүннет. Ал «Раббәна әтина» дұғасы - Бақара сүресінің 201-аятында келген. Яғни аят.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk