wrapper

Соңғы жазбалар

Өмірі ішкені алдында, ішпегені артында ашығудың не екенін білмейтін, дәулеті асып-тасыған байлар үшін ораза екі күннің бірінде ашқұрсақ жүретін көңілі жарым жарлы-жақыбайлардың жағдайын ұқтырады. Аш жүрудің адамға қаншалықты ауыр екенін сезген бай кісілердің кедейлерге деген жанашырлық сезімі оянады. Ауқатты кісілер байлығының шүкіршілігін жасап, кедейлерге қол ұшын созған сайын кедейлердің де байларға  деген қызғанышы, жеккөрушіліктері жойылып, араларында өзара нәзік бір татулық қалыптасады. Тіпті кедей кісі бай кісінің тілекшісіне айналады. Осы себепті ораза адамның жағдайы төмен кісілерге жанашырлықпен қарасуына себепкер болады. Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Көршісі аш кезде өзі тоқ болған адам бізден емес»1, деген хадисінің жөні бөлек.

Жүсіп пайғамбардан (а.с.) бірде: «Сен қалай ашығасың, қазынаның кілті қолыңда емес пе?»,- дегенде, ол: «Қарным тоқ жүрсе, аштардың жағдайын ұмытып кетем бе деп қорқам»,- деп жауап берген екен. 

Бұның тағы бір хикметі мынада: жануарлар үнемі жеуден бас алмайды, адамның да жануарға ұқсап үнемі жемеуі үшін ауыз бекіту парыз қылынған. Сол себепті адам ораза ұстағанда жануарға тән әрі құмарлық сезімдеріне тежеу салады. Ораза шайтанның денедегі жолдарын бекітеді. Бұны Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай деп ұқтырған: «Еш күмәнсіз, шайтан адамның денесінде қан айналғандай айналып жүреді». 

Шын мәнісінде адам ашыққанда барып аштықтың не екенін, шөлдегенде барып шөлдеудің не екенін түсіне бастайды. Осы тұрғыдан алғанда Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындап, нәпсілік қалауымызды тежеуіміз әрі ораза ұстауымыз кемел қоғам құруымызға ықпал етуде.
1. Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд, 1\55


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk