wrapper

Соңғы жазбалар

Халал тағамдардың адамның рухани дүниесіне тигізер әсері мол. Мұсылманды дүниенің ең таза, адал адамы еткен нәрсе де сеніммен бірге шариғаттың бұйрық-ережелеріне сай өмір сүруі, халал азықпен қоректеніп, дұрыс жолмен дүние мүлкін табыуы.

Егер бір адамның ішкен-жегені, киген киімі харам жолмен болса, оның дұға, тілегіне, құлшылық, ғибадатына яғни рухани болмысына кері әсері тиеді.

Осыған байланысты Алла елшісінің (с.ғ.с.) мына бір  хадисінде бір адамның алыс сапарға шығып, алба-жұлбасы шыққан кейіпте екі қолын көкке көтеріп, Алладан дұға қылғаны жайлы жеткізе келе :

مَطْعَمُهُ حَرَامٌ وَمَشْرَبُهُ حَرَامٌ وَمَلْبَسُهُ حَرَامٌ وَغُذِىَ بِالْحَرَامِ فَأَنَّى يُسْتَجَابُ لِذَلِكَ

«Алайда, оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы қалай қабыл болсын?» (Сахих Муслим, 2-том, 703-бет Дәру Ихиа ит-турасил-араби баспасы, Бәйрут) деген. Адамдардың көбісі дұға жасай салып, дұғам қабыл болмайды деп шағым айтып жатады, алайда ішкен-жегені мен нәпақасын қалай тапқанына аса көңіл аудармайды.

Сондықтан табыстарымыздың рухани дүниемізге әсері тисін, дұғамыз қабыл болсын  десек, Алла тағаланың шариғатта тыйған харам нәрселерінен тиылып, халал, рұқсат еткендерімен жүрген дұрыс. Осылайша адам, тәнін және рухын тазалайды.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk