wrapper

Соңғы жазбалар

Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ораза ұстағаны есіне түскен кезде ішіп-жеуді дереу доғару керек. Осыған қатысты Ардақты Елші (с.ғ.с.):

مَنْ نَسِيَ وَهُوَ صَائِمٌ ، فَأَكَلَ أَوْشَرِبَ ، فَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ اللهُ وَسَقَاهُ

«Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізген де   Аллаһ»[1],  деген. Басқа бір хадисте:

مَنْ أَفْطَرَ فِي شَهْرِ رَمَضَانَ نَاسِيًا فَلَا قَضَاء عَلَيْهِ وَلاَ كَفَّارَة

«Рамазан айында ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес»[2]  делінген. Сондай-ақ Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, егер мұндай жағдайдағы адам білместіктен оразам бұзылып кетті ғой деп ойлап тамақ жеуін жалғастырса, кейін каффаратсыз тек қана сол күннің қазасын өтейді деген.

 Аузы беріктігін ұмытып тамақ жеп отырған адам әлсіз, қарт болса, ондай жандардың ораза ұстап жүргенін есіне салмаған абзал. Себебі Аллаһ тағала өзінің мейірімімен ұмыттыру арқылы оларды ішкізіп жегізуде. Ал керісінше ұмытып тамақ жеп отырған кісі денсаулығы мықты әрі жас болса, сол мезетте есіне салған дұрыс. 



[1] Бұхари /6669, Мүслим /1155, Тирмизи және Ахмәд ибн Ханбәлда риуаят етілген.

[2] Ибн Мәжә, Сиям, 15. Ибн Хузәимә /1999.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk