wrapper

Соңғы жазбалар

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстауды сүннет етіп қалдырған. Сәресіге тұрмай-ақ, ауыз бекіту арқылы ораза тұтуға болады. Дегенмен, Алла елшісінің (с.ғ.с) "Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де оны үзбе. Өйткені Алла тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді", - деген өсиетін де ұмытпағанымыз жөн. (Ахмад ибн Ханбәл, Муснад, 1/55)

Сондай-ақ, сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Сәресінің уақытын кешіктіріңкіреп, таң намазының уақытының кіруіне аз қалғанда жеген абзал. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл мәселеге қатысты: "Ауыз ашуға асығып, сәресіні кешіктірген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта", - деген. (Әбу Дәуіт, Саум, 21) Яғни, сәресіні таң намазына дейін кешіктіру таң намазын жіберіп алмау үшін жасалған сақтық.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk