wrapper

Сұрақ: Менің дәретке қатысты мынадай күдігім бар. Ауыз шайған кезде аз ғана мөлшердегі су сілекеймен араласып, тамақтан өтіп кеткендей болып көрінеді. Бұл оразаны бұзады ма?

Жауап: Ауыз шайғаннан кейінгі сілекеймен араласып кеткен бірер тамшы су оразаны бұзбайды. Бұл да сілекей болып саналады.

Ауыз шайған суыңызды толықтай түкіріп тастаған болсаңыз, мұндай күдікке берілудің қажеті жоқ. Оразаңыз жарамды.

Пайғамбар (с.ғ.с.) кезінде де барлығы аузы берік бола тұра, аузын шайып, дәрет алған. Алайда, ауызда су қалмайтындай етіп, ауыз шаюдың ерекше бір тәсіліне жүгінген емес. Десе де, байқамай су жұтып қоймас үшін, барынша сақ болған жөн.

Анығын Алла Білуші.

annisa-today.ru сайтынан аударған: nurgasyr.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk