wrapper

Соңғы жазбалар

         Өнер халықтың қасиетті қазынасы. Әр ұлт өз өнерімен мәдениетімен теңеседі. Қазақ халқы өнерпаз ұлт. Бабаларымыз сан ғасырдар бойы өнердің барлық саласының қайталанбас озық үлгілерін ұрпаққа мұра етіп қалдырып кетті.

Бүгінгі таңда кейде дін мен өнерді бір біріне қарама қарсы ұғымдар ретінде қарайтын түсінігі бар адамдар кездеседі. Шын мағынасында олай емес. Исламның өнерге көзқарасы туралы дәлелдер де жетерлік. Атап айтсақ: Дәуріш Әли «Музыкалық трактатында» Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) 12 мақамның бірі — рехауи әуенімен Құран оқитын болғанын айтады.

Алла Елшісі пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз тұсында, сүрелерді, аяттарды ауызекі айтып, оны тыңдаушылар жаттап алып, ауыздан – ауызға таратып отырған еді» делінген тағылымдар бар.

Құран сүрелері сол заманда ауыздан ауызға айтылып тарады. Құран оқуда жігерлі дауысқа салып, жоғарғы диапазонда әрбір әріпттің нақты естілуіне ерекше маңыз берілген.

Бізге жеткен аңыздарда: «Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты» делінеді. Сонымен қатар хадистерде: «Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие Пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу - Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта Мұхаммед Пайғамбардың жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу – Бәкір: «Ойнауды тоқтат, Пайғамбардан ұялсаңшы» деп оған ашуланады. Сонда Пайғамбар: «Әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде бүгін осындай үлкен, қуанышты мереке» деген екен. Демек, Алла Елшісі (с.ғ.с) музыкалық аспатарды ойнауға қарсы болмаған, егер күнә деп есептесе сол кезде тыйым салатын еді деп тұжырым жасалды. Құран сүрелері де ерекше мақаммен оқылып, адамды баурайды.

Өнер адамды тәрбиелеуші құрал деп қаралған. Асыл дінімізде де өнердің орны айырықша. Сән-сәулеті келіскен мешіттер ол сәулет өнерінің туындысы болса, ғажайып поэзия табиғатпен үйлесіп, адам жанын ерекше әсерге бөлейді.

         Ән өнерінің қасиетін Ұлы Абай атамыз:

        Туғанда дүние есігін ашады өлең,

      Өлеңмен жер қойнына кірер денең-деп өнердің қоғамдағы маңызын жеткізе түсіндірген. Ән қазақ халқы өмірінің ажырамас белгілі болған

Қорыта айтқанда қазақ өнері ұлтымыздың дүниетанымымен үндескен халқымыздың бай мұрасы. Ал ғажайып өнерге Ислам діні шек салмайтындығын ескеруіміз керек.

 

Ибраһим қажы Қарнақбайұлы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қалалық

«Мұхамади» мешітінің бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk