wrapper

Соңғы жазбалар

Шариғат бойынша ер адамның алтын жүзік тағуының үкімі харам. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с) бірқатар хадисінде алтын жүзіктің харамдығы жөнінде ашық айтқан. Онда: «Алтын мен жібек үмбетімнің әйелдеріне - халал еркектеріне харам» десе, тағы бірде: «Аллаһ елшісі(с.а.с) бір адамның саусағынан алтын жүзік көріп оны шешкізіп лақтырып жібереді де: «Сендердің қайсыбірің қолына шоқты ұстай алады? » деп алтынның ерлерге шоқтай зияны барын ескертеді. Кейін жүзіктің иесіне лақтырған алтынды жерден алып, оны сатып пайдасын көруді айтады. Сол кезде ол адам: «Аллаһ атымен ант етейін, Аллаһ елшісі(с.а.с) жүзікті алып лақтырғаннан кейін мен оны алмаймын деп жауап қатады.

Шариғат мәзхабтары мұндай хадистерге сүйене отырып, ерлердің алтын жүзікті әдемілік үшін тағатынын ескере келе, бірауыздан харам деп үкім берген. 

Кейбір ислам ғалымдары Пайғамбарымыздың(с.а.с) ерлер үшін алтын жүзікті харам етуінің бірнеше хикметтеріне тоқталған.

Онда былай дейді:
1. Ғасырлар бойы алтын ақша болып экономикада үлкен рөл ойнаған. Бұларды ерлердің әшекей ретінде пайдалануы экономикаға кері әсерін тигізеді.

2. Сол секілді әшекей бұйым ретінде қоғамнан тыс қалтарыста қалдырып қоюы елдің қазынасына үлкен залалын тигізеді.

3. Ер кісінің табиғаты алтын мен жібекпен сәнденуге лайық емес.

4. Үсті-басын түгелдей алтынмен аптап , күміспен қаптап ел алдында жүру қоғамдағы әділдікке кері әсерін тигізіп, елді «бай», «кедей» деп екіге бөлуі мүмкін.

5. Сондай-ақ бүгінгі таңда ғалымдар медициналық тұрғыдан, алтынның ер адамдардың гормонына айтарлықтай кері әсер тигізетінін дәлелдегенін де жадымыздан шығармаған дұрыс.


А.Ұтысханұлы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk