wrapper

Соңғы жазбалар

Сұрақ:

ТҰМАР ТАҒУ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОСУ МА?

Жауап:

Бірқатар сахабалар: Ибн Масғұд, Ибн Аббас (р.а.) тұмар тағуды құптамаған. Ал, Абдулла бин Амр, Айша (р.а.) риуаят еткен хадисте тұмар тағуға рұқсат бар.

Тирмизи еңбегіне жасалған түсіндірме кітапта: «Ғалымдардың басым көпшілігі кейбір ғұламалар рұқсат бергенімен, тұмар тақпаған абзал. Себебі, тақуалықтың бірнеше дәрежесі бар. Ықыластың да сонша мәртебесі бар. Дінде әр дәреженің үстінде тағы бір дәреже тұрады. Ал, оған қол жеткізгісі келетіндер аз. Тақуа адам – оқасы жоқ нәрсені бір залалы болуынан сақтанып тәрк етуші[1]», – делінген.+

Ал, Амр бин Шұғайыб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларға қорқынышта мына сөздерді айтуды үйреткен еді: «Әъузу би кәлиматилләһи әттәмма мин ғадабиһи уә шәрри ъибәдиһ. Уә мин һәмәзатиш шайатын уә ән яхдурун». Абдулла бин Амр бұл сөздерді ес біліп қалған балаларына үйретіп жаттататын. Ал, әлі ес білмеген балаларына тұмар етіп тағып қоятын[2]», – делінген.

Түйіндей айтқанда, жас балаға тұмар тағуға болады. Ал, жаттауға шамасы келетін жастан бастап Құран аяттары мен хадистегі дұғаларды оқып жүрген дұрыс. 


[1] Тухфат Ахуази
[2] Әбу Дауд

Руслан Камбаров


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk