wrapper

Соңғы жазбалар

Исламда мәзһабпен жүрген дұрыс па, суннитпен жүрген дұрыс па?  Бұл сауалға жауап беру үшін әуелі мәзһаб дегеніміз не? Оның суннитпен арақатынасы қандай деген мәселеге жауап берген жөн. Мәзһаб сөзі араб тілінде «баратын жол» мағынасын береді. Мәзһаб сөзінің бұлай белгілі бір бағытқа бет түзеп жүру мағынасын беру себебі, мұсылмандық үкімдер ақыреттік мекен - жұмаққа жету жолындағы қатынастарды реттеуді қолға алады. Сондай-ақ, мәзһаб «лайықты көзқарас» деген мағынаны да береді. Өйткені, әрбір мәзһабтың көтерілген мәселелерді шешу тәсілдері мұсылмандық қайнар-көздерге негізделеді. Терминологияда мәзһаб деп - Ислам дінінің үкімдерінің жүзеге асырылуы мен түсіндірілу барысында, яғни, саяси, сенімдік, фыкһтық негіздер бойынша белгілі бір мүжтаһид (үкім айтушы) тарапынан берілген үкімдердің жиынтығын айтамыз. Мысалы, Имам Ағзам Әбу Ханифа Құран мен Сүннетке сай қияс, истихсан, сахаба сөзі, ижма, ғұрыпты қайнар-көз ретінде қарастыра отырып үкім бергендіктен, оның үкімдерінің кодификациясы – Имам Ағзам мәзһабы деген атпен қалыптасты.

Негізінде ислам тарихында мәзһабтар саяси, сенімдік, фыкһтық мақсаттарда пайда болған. Дәлірек айтатын болсақ, белгілі бір тұлғаларар мен ғалымдар өздерінің саяси, сенімдік, фыкһтық көзқарастарына ислам дінінен, яғни, Құран мен сүннеттен дәлелдер іздеп, өз ой-пікірлерін білдірген. Яғни, барлық мәзһабтар белгілі бір себеп пен мұрат негізінде пайда болғанмен, олар өз тұжырымдарына Құран мен сүннетке арқа сүйеген. Ал, мәзһабтар Құран мен сүннетке қатысты әр түрлі өзіндік ерекшелікке ие жорамалдар айтуымен бір-бірінен өзгешеленеді. Осы тұрғыда, мәзһабтардың пайда болуындағы белгілі себеп пен мұратқа және ерекшеліктеріне байланысты мәзһабтар саяси, сенімдік, фыкһтық болып бөлінеді. Демек, мәзһаб үкімдері Құран мен сүннетке негізделгендіктен, мәзһаб пен суннетті бір-бірінен бөліп қарастыру дұрыс емес. Тіпті, Имам Ағзам мәзһабы бойынша бір хадисті үкім ретінде қолдануға факиһтың (үкім беруші заңгер) үкімі қажет. Яғни, ол хадистің мансұқталып, мансұқталмағанын немесе үкімге жарап, жарамайтынын факиһ өз мәзһабының хадис әдіснамасына қарай анықтап береді. Сондықтан, мәзһабты ұстанушыларды сүннетті тәрк етушілер деп қаблдауға болмайды. Қайта, мәзһаб ұстанушылар нағыз сүннетті берік ұстанушылар.

Мұхан Исахан


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk