wrapper

Соңғы жазбалар

Сахабаларымыз Алланың заты мен сипаты мәселесінде тафуид әдісін қолданған дейді. Осыған нақты діни дерек тауып бере аласыз ба?

Иә, алғадай салафтар (сахаба, табиғин, таба-табиғин) Алланың заты мен сипатына қатысты тәуил жасаған емес. Өйткені, ол кезде тәуил (жорамал) жасауға ешқандай бір қажеттілік туындан жоқ. Тәуил –  Хақтың заты мен сипатына қатысты теріс көзқарас туындамас үшін халаф ғалымдардың қолданған әдісі. Нақтырақ тоқталар болсақ, алғашқы ақжал толқын (салаф) астарлы (муташаббиһ) мағындағы аят-хадистерге талдау жасамағандықтан, бұл мәселенің ешкім қоясын көтеріп, дау тудырмаған болатын. Алайда, Ислам әлемнің үш континентіне таралып, өзге діндер мен мәдениеттердің өкілдерімен қоян-қолтық араласа бастағанда, астарлы мағынасы бар аят-хадистерге дүбәра сенімдегі адамдар теріс көзқарастар білдіре бастады. Осы сын сәтте халаф (Әшғари, Матуриди) ғалымдар Ислам ақидасын теріс көзқарастардан қорғап қалу үшін тәуил әдісіне жүгінуге мәжбүр болды. 

Ал, алғадай мұсылмандардың Жаббар Хақтың заты мен сипатына қатысты тафуид (қалай келсе, солай өткізіп жіберу) әдісін ұстанғанын Макризи «Хитат» атты шығармасында былайша жеткізеді: «Тәңір-Тағала арабтар арасынан Мұхаммед (с.а.у)-ды пайғамбар етіп күллі адамзат баласына жіберді.  Жебірейіл (с.а.у) Хақтың пәрменімен уаһи түсірді. Ал, Алла Елшісі (с.а.у) уаһиді адамзатқа паш етті.  Алайда, арабтар Пайғамбарымыздан (с.а.у) Алланың заты мен сипаттары хақында түсіндірме жасауды талап еткен емес. Олар, намаз, зекет, хажылық және Ұлы Жаратушының бұйрықтары мен тиымдары, тамұқ пен жұмақ туралы сұрақтар қоятын. Егер, Құдай-Тағаланың заты мен сипаттарына қатысты сахабалар Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға сұрақ қойған болса, онда хадис жинақтарындағы харам, адал, харамнан сақсындыру, сауап алуға ынталандыру, қиямет күнгі жағдай, соғыс пен дау-жанжал т.б мәселелерге берілген үкімдер секілді бүгінгі күнге жеткен болар еді. Хақ Елшісінің (с.а.у) хадистерін және алғашқы ғұламалардың (салаф) шығармаларын бажайлап қарайтын болсақ, әдепкіде Хақтың сипаттары хақында пікір талас туындамағанына анық көз жеткізе аламыз. Әсілі, сахабалар Алла-Тағаланың сипаттарын «заттық сипаты» немесе «әрекет сипаты» деп бөліп қарастырмаған. Сахабалар Хақтың ілім, құдырет, тірі, басқару, есту, көру, калам (сөйлеу), ұлы, жақсылық жасаушы, жомарт, көмектесуші, үстемдік, алыптық секілді мәңгілік сипаттары бар екенін білетін. Бірақ, сахабалар сипаттарды бөліп-жарып жатпайтын. Бәрін тең көретін».

Десек те, Құран-Кәрімде түптің түбінде астарлы аяттарға қатысты пікір талас туындайтындығы былайша баяндалған еді: «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал, жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Аллағана біледі. Сондай-ақ, ғылымда озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді. Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің» (Әли-Ғымран, 3/7,8).


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk