wrapper

Соңғы жазбалар

Жаз басталмай пісіп-жетілетін жүгері жер-жерде көп сатылады. Ал оның тек дәмді азық қана емес, денсаулыққа пайдасы мол «ем» екенін көпшілік біле бермейді. Ендеше, оның денсаулыққа пайдасынан хабардар болыңыздар. Жүгерінің пайдалы құрамы: Жүгерінің құрамы моно және дисахаридтерге, қанықпаған май қышқылдарына, су, крахмалға өте бай. Сондай-ақ оның құрамында В9, Е, РР, В1, В2, В5, С дәрумендері және ниацин, холин бар.

Бұл өнім – құрамындағы темірдің көптігінен чемпион. Жүгерінің пайдалы қасиеттері: Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, жүгерінің жоғары тағамдық және биологиялық белсенділігі дәлелденген. Егер сіз осы өнімді күнделікті рационыңызға қоссаңыз, ағзаңызда зат алмасу процессі айтарлықтай жақсарады. Нәтижесінде денсаулығыңыз да жақсарып, иммунитетіңіз күшейеді. Қуырылған жүгеріге қарағанда, қайнатылған жүгері пайдалы болады.

Қайнатылған жүгері терінің қартаюын тежейді және қатерлі ісік дамуын болдырмайды. Сонымен қатар зат алмасу бұзылған кезде, бауыр ауруы, жүрек-қан тамырлары ауруын емдеу кезінде пайдалы. Жүгеріні өт тасы, холангит және холецистит белгілерін жеңілдету үшін пайдалануыңызға болады. Гастрит кезінде ұнтақталған жүгері сорпасын пайдалану ұсынылады. Оның асқазанның шырышты қабатына да пайдасы көп. 
massaget.kz/


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk