wrapper

Соңғы жазбалар

Ибн Аббас (р.а.): «Бір кісі намаз оқиды, ол үшін сауабын толық алмай жартысын алуы да мүмкін», – деген.Жарир ибн Абдулла( (р.а.): «Біз Алла елшісінің (с.ғ.с.) қасында отырған едік. Ол Бәдір түніндегі айға қарап: «Расында, сендер Раббыларыңды мына айды көріп тұрғандарың сияқты көресіңдер. Сендер одан шеттетілмейсіңдер. Ол үшін шамаларың келгенше таң намазы мен шам намаздыран өткізіп алмай оқыңдар», – деді» деген риуаятты келтіреді ( имам Бұхари, Муслим).
Хадисте айтылған намаз аманаттары:
1. Намаз оқыр алдында дәретті асықпай, тиянақты алу;
2. Бес уақыттағы намазды уақытында оқу;
3. қиям, рукуғ, сәжделерді асықпай, намазға беріліп оқу.Егер бір кісі намазын жылдам, тез бітіріп оқыса, намаз аманатына қиянат жасаған болады.«Пайғамбарымыз намаз оқыған сәтте Алла тағаламен тіл табысып, Алла тағалаға шерін тарқатып тұрғандай көрінетін. Намаздың рахатына бөленіп оқығаны сонша, солқылдап жылаған дауысын еститін едік», – дейді сахабаларының бірі. Егер сіздерден біріңіз намаз оқығанда дәреті дұрыс болмаса, сонымен қатар уақытынан кешіктіріп оқыса, намаз аманатына қиянат жасаған болады.Әрбір мұсылман дәретін таза алып, ғибадатын сабырмен орындаса, өзін Аллахтың алдында тілдесіп тұрғандай сезініп, беріліп оқыса, намазды рахатын алады.Егер намазды жылдам, әйтеуір оқып шығу мақсатымен, қарға жерден дәнді шоқығандай оқысаңыз, намаздың ешқандай рахатын сезбейсіз, сауабынан да құр қаласыз.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көз жұмар алдында, қоштасу (соңғы) қажылығында: «Алла тағаладан қорқыңдар! Бес уақыт намаздарыңды оқыңдар, Рамазанның оразасын ұстаңдар, малдарыңнан зекет беріп, басшыларыңа мойынсұныңдар. Сонда Раббыларыңның жәннатына кіресіңдер», – деп уа ыз айтқанын естідім», – деген хадисті Әбу Әмлағ риуаят етеді (имам Тирмизи).Ибн Масғуд (р.а.): «Мен Алланың елшісінен (с.ғ.с.): «Амалдың қайсысы жақсы?» – деп сұрадым. Ол: «Уақытында оқылған намаз» , – деді. Мен: «Одан кейін қайсысы?» – деп сұрадым. Ол: «Ата-анаға жақсылық жасау», – деді...» – деген риуаятты келтіреді (имам Бұхари, Муслим).


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk