wrapper

Соңғы жазбалар

Қазір кітап оқылмайды дейді. Рас. Келісуге болады. Біздің буын және бізден жоғарғылар кітап оқып өсті. Қазір заман басқа дейміз. Алайда ғаламтор ешуақытта да кітаптың орныны баса алмайды.

Кітапты қолға алып кәдімгідей сезініп, парақтап оқығанға жетпейді.

 Бала кезімізде қой жайып (бағып) жүріп кітап оқушы едік. Кез келген романдар оқығанда 5-6 күннен қалмаушы еді. Кітап дүкені тұрған жоқ, жайлауда. Біреуде бар кітап, келесі біреуде бар, алмастырып оқитынбыз. Қазақ классиктерін, тіпті Толстой, Чехов шығармаларына дейін сол кезде даланың жұпар ауасын жұта отырып, оқыдық. Сол кітаптардың арасында даланың жасыл қынасы, жүретін. Парақтарынан жусан мен ерменнің исі бұрқырап тұратын еді.

«Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын оқи-оқи жаттап алушы едік.

Байбөрі деген бай екен,

Төрт түлігі сай екен.

Кемдігі жоқ дүиеде

Бір перзентке зар екен.

Байбөрі байғұс жылады,

Көізінің жасын бұлады деп атпен шауып бара жатып зырлатып айтатын едік.

...Қарабай, Сарыбаймен мерген екен,

Екеуі ен далаға келген екен» деп, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жиын-тойларда жырлап, ақсақалдардан бата алушы едік.

Айтайын дегенім: кітап оқу арқылы бойымызға ұлттық құндылықтарды дарыта аламыз.

 Қазіргі белең алып отырған діни теріс ағмдардан сақтануға болады. Кітапты көп оқыған жастар жақсы мен жаманды ажыратып, түрлі жат әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Ұлттық салт-сананы жоққа шығармайды. Яғни кітап оқу арқылы теріс ағымдарға қарсы берік иммунитет қалыптастыруға болады деген ойдамын. 

Әскерхан АҚТАЙ

QALAM.KZ


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk