wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның жергілікті жерде ЖАНТ жұмысын сапалы, нәтижелі жүргізу, жат ағымдардан жастарды сақтандыру мақсатындағы тапсырмаларын орындау бағытында Өскемен аймағы бірқатар оқу орындарымен келісіп, ЖАНТ аясында жастармен кездесу, сұхбаттар ұйымдастыра бастады.

Осы бағыт аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің» найб имамы Мәди Абайұлы Өскемен қаласында орналасқан «Медициналық колледжде» болып, студент-жастармен кездестті. Жиында ол студенттерге Жат ағымдардың зиянымен олардың зардабы туралы нақты дәйектермен айтып берді.

Студенттер өздерін мазалаған сауалдарын қойды. «Жат ағымдарға қарсы тұру, кері ағымдардан оларды сақтандыру бүгінгі таңдағы басты міндет. Біз ұлттық құндылықтармен исламдағы имани құндылықтарды жете насихаттау арқылы кері ағымдарға қарсы иммунитет қалыптасыра аламыз» деп атап өтті, ол кездесу мақсаты туралы.

 Оқу орны басшылығы тағылымды кездесу үшін өкілдікке алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk