wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының ресми тапсырмасына сәйкес аудандық мешіттер ЖАНТ жұмыстарын ауылдарда жаңа бағытта тың бастамамен ұйымдастыра бастады.

Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық мешітінің» найб имамы Шәмерхан Ажы орта мектепте болып оқушылармен ұстаздармен кездесті.

Жас өрендер алдында ол «Жат ағымдар жарға жығады» тақырыбында тамаша насихат айтты. Мұнда ол жат ағымдардың зияны, белгілері, оның зардабы туралы нақты дәлелдермен әңгімеледі. Жас шәкірттерді жат ағымнан алыс болуға шақырды. Оқушы ұстаздар оның салиқалы насихатты әңгімесін ұйып тыңдады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы  Зайсан ауданы «Айнабұлақ ауылдық мешітінің» молдасы Əділ Төлепберген осы ауылдағы мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу  «Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» тақырыбында тұщымды насихат айтты. Кездесуде кері ағымдар туралы кең көлемде түсінік берді.

 Кездесуде оқушылар өздері байыбына бара алмай жүрген сауаолдарын қойып нақты дәйекті жауап алды.

 Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk