wrapper

Соңғы жазбалар

Салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа құштарлығын шыңдау, қысқы спорт түрлеріне деген жастардың қызығушылығын ояту  мақсатындағы ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің жоспарлы жұмыстары аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Тәуке ауылдық мешітінің» ұйымдастыруымен Тәуке ауылында мешіт жамағаттары арасында шаңғы жарысын өткізді. Жарысқа ауыл тұрғындары, мешіт жамағаттары белсенді қатысты.

Шара өкілдіктің тапсырмасы бойынша елмізде өтіп жатқан Универсиаданы қолдауға арналды. Бәсекеге қатысқан жастар өзара шаңғымен жарысты.

Жарыста 1-орынға Мират ұлы Дәуренбек, 2-орын Муратбеков Салауат, 3-орын иеленген Шаймуратов Сабыржандар марапаттау және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қатысушылардың барлығына марапат берілді. Сонымен қатар жарысқа көрші Қабанбай ауылынан жастар келіп қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk