wrapper

Соңғы жазбалар

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірге келген айы-Мәуліт мерекесін лайықты атап өту, сол арқылы шапағаты мол шаралар ұйымдастыру туралы ҚМДБ-ның ресми тапсырмасына сәйкес Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің жоспарлы жұмыстары аясында Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Мүгедек қарттар үйінде» Мәуліт мерекесі өзгеше нақышта өтті.

Мұнда аудан имамы Иврагим Еркінбайұлы жарым көңіл қарияларға құрмет көрсетіп, Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғибратты өмірінен насихат айтты. Тағылымды әңгімені қарттар ықыласпен тыңдады.

Соңынан аудандық мешіттің әйел жамағаттары Алла разылығы үшін деп мүгедек қарттарға дастархан жайды. Дастархан басында ғибратты насихаттар айтылып, емен-жарқын әңгіме өрбіді. Жабырқаулы қарттардың бір серпіліп қалғандығы байқалып тұрды.

Шарапаты мол шара ұйымдастырған «Шемонаиха аудандық мешіті» ұжымына мекеме басшылығы шынайы алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk