wrapper

Соңғы жазбалар

          ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Рамазан берекеті» атты шара өтті.

Атаулы жиынға әжелер, мешіт шәкірттері қатысты. Жиында ислам тағылымындағы отбасылық тәрбие және әйелдің мәртебесі хақында құнды ұсыныс-пікірлер айтылды. Ақжаулықты әжелер өздерінің өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, жастарға кеңес берді. Шараға Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин қатысып, Рамазан айындағы осынау берекелі шараның маңызына тоқталды.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар» секторының жетекшісі Талшын Зарқымқызы өз сөзінде: «Біз өкілдіктен арнаулы жоспарлар жасап, қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды қолға алып отырмыз» дей келе, қасиетті Рамазан айында өңір бойынша бірқатар қайырымдылық жәрмеңкелері мен тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтетіндігін жеткізді.

Жиында құнды ұсыныстар айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk