wrapper

Соңғы жазбалар

Өскемен қаласының тұрғыны, кәсіпкер «Үміт беру» қайырымдылық қорының басшысы Тірек......биыл Қарағанды қаласында өткен Құран жарысында бас бәйгеге ие болаған үміткерге су жаңа көліктің кілтін табыс еткен болатын.

Республикалық деңгейдегі рухани шараларға демеушілік жасап жүрген өскемендік осынау абзал азаматқа ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қасиетті Рамазанның алғашқы жұма намазында жамағат алдында өкілдіктен «Алғыс хат» табыс етті.

Өкіл имам: «Халқымызда Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген нақыл сөз бар. Кәсіпкер азамат, дін жанашыры Тірек бауырымыз облысымызда бірқатар діни шараларға демеушілік жасап жүрген азамат екендігі белгілі. Жерлесіміз жомарт жан Қарағанды қаласында өткен Құран жарысына демеушілік жасап, бас жүлдегерге көлік мінгізді. Бұл іс дінге деген, қасиетті Құранға деген үлкен құрмет. Сондықтан жомарт азаматты марапаттап отырмыз» дей келе, «Алғыс хат» ұсынып, амандық-саулық тілеп, игі тілегін жолдады.

Кәсіпкер .............асыл дініміз үшін әркез қайырымдылық істерін жасай беретіндігін жеткізіп, имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.



Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk