wrapper

Соңғы жазбалар

Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен "Руханият және жастар " атты I халықаралық жастар форумы басталды. Шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет және РФ Мүфтилер кеңесінің төрағасы Р.Гайнутдин және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, спортшылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. 

Алқалы жиынның ашылуында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет сөз сөйлеп: "Жастар жылы жастардың әлеуметтік және рухани,экономикалық өміріне ерекше әсер етті. Жастарға дұрыс бағыт беру, оларды қолдау басты міндет" дей келе, жастар тәрбиесінің қоғамдағы роліне тоқталып, сындарлы баяндама жасады. Бас мүфти өз сөзінде ислами руханияттың жастар тәрбиесіне ықпалын тарқата баяндап, бұл саладағы келелі мәселелерге тоқталды.

 ШҚО Халифа Алтай мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk