wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің ұйымдастыруымен Алтай қаласында әз Наурыз меркесі салтанатпен тойланды. Меркелік шараға қала халқы жиналып, мешіттің жайылған дастарханнан Наурыз көже ішіп, емен-жарқын дидарласты. Әжелер әуелете ән салып, жиналған қауымға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мешіт ауласына тігілген ақ шаңқан киіз үйде сүрінің исі аңқыған жеті дәннен құралған Наурыз көже үлестірілді. Ақсақалды қария елімізге тыныштық пен берекет, игілік тілеп, жамағатқа алақан жайып бата берді. Үлкен-кіші қауым ақ дастарханнан дәм татты.

Мереке қарсаңында жамағат арасында қол күресі, арқан тарту, қатарлы сайыстар да ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

«Наурыз ұлтымыздың жаңа жылы. Біз рухани жаңғыру аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, үлкендерден бата алып, ұлтымыздың жаңа жылын береке бірлікпен ынтымақ мерекесі ретінде тойлап жатырмыз» деп атап өтті Алтай аудандық «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев.

Шараға жиналған қауым осындай берекелі шара ұйымдастырған «Ақтан» мешітіне алғыстарын білдіріп тарқасты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk