wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Жұма күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти

Алау Әділбаев облыстық «Халифа Алтай» мешітіне жиналған жамағатқа жұма уағызын айтты. 

Наиб мүфти асыл дініміздегі асыл қасиеттерге тоқтала отырып, Алла Елшісінің (с.ғ.с) ғибратты тағылымдарын жеткізді.

Наиб мүфти: «Адамда болатын асыл қасиеттің бірі-шындық. Ең алдымен Алла Тағала ақиқатқа аса маңыз беріп, сөйлеген кезде тек шындықты айтуды үкім еткен» дей келе, адамгершілік құндылықтарға баса тоқталды.

Жиналған жамағат наиб мүфтидің насихатын ұйып тыңдады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk