wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында болды.

Сапар барысында аудандық «Ұранхай қажы» мешітінде діни қызметкерлермен және жамағатпен кездесу өткізді. Басқосуда өкіл имам атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндап, жамағаттың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар исламнан тағылымды насихат айтты.

Өкіл имамның жамағатпен кездесуі Тарбағатай ауданы «Ойшілік» ауылында жалғасын тауып, ауыл халқымен сұхбат құрды. Кездесуде халыққа ынтымақ татулық турасында тұщымды уағыз-насихат айтылды.

Сапар аясында ауылдық және аудандық мешіттердің жағдайымен және атқарылып жатқан шаралармен танысып, имамдарға тапсырмалар берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk