wrapper

Соңғы жазбалар

Өскемен өңірі бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен мешіт ұстаздарымен шәкірттері Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінде болып бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, түрлі сыйлықтарды табыс етті. Олар балалармен түрлі ойындар ойнап, қызықты әңгімелер айтып берді.

Осы берекелі шараны ұйымдастырушы сектор меңгерушісі Талшын Кожахметова: «Жетім балаларды қуантуға сауап мол. Біз оларға қоғамның мейірімділігін танытуымыз керек. Бұл оларға ізгілік сыйлайды» дей келе, Наурыз мейрамының алдында осындай игілікті шараның өткізу мақсатына тоқталды.

Сыйлыққа ие болған балалар мәз-мейрам болып, қуанып қалды. Балалар үйінің басшылығы өкілдікке алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk