wrapper

Соңғы жазбалар

      ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай көпбалалы аналарға ақ дастархан жайып, құрмет көрсетті.

Алқалы басқосуға көпбалалы аналар қатысты. Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Ақжаулықты аналарымыз қашанда берекенің ұйтқысы. Қазақ тарихында аналарымыз ар мен иманның бастауы болып келген. Аналар барлық құрметке лайық. Сіздердің, ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбектеріңіз болашаққа үлгі. Көпбалалы аналарымызға өкілдіктен бірқатар қайырымдылық шарасын біз әрқашан назар аударып келеміз» деп, ерекше атап өтті.

Жиында сонымен қатар ананы сыйлау, исламдағы әйел мәртебесі жайлы тағылымдық маңызы зор құнды насихаттар айтылды. Ақ дастархан басында аналар тілектер жолданды.

Сонымен қатар жиында игі шараны ұйымдастырушылар аналарға қайырымдылық азық-түлігін таратты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk