wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігінің «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Зекет» қоры және мобильдік қосымшасы насихатталып жатыр.

Өскемен қаласы мен аудандарға барлық дүкендер және сауда орындарына «Зекет» қоры туралы ақпарат парақшалар таратылып, «Зекет» мобильдік қосымшасы жайлы түсінік берілді.

«Зекет қорын жан-жақты насихаттау, қордың бағыттарын халыққа түсіндіру мақсатында осы шараны жасап отырмыз. Қайырымдылық бағытындағы барлық шаралар осы қор арқылы жасалып жатқандығын халыққа барынша жеткізілуде» деп атап өтті, Өскемен өңірі бойынша «Зекет» қорының басшысы Хуат Аманбол.

Өңірде «Зекет» қорын таныстыру шаралары ауылдарда да кең көлемде насихатталатын болады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk