wrapper

Соңғы жазбалар

Ауа райының күрт суытуына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері халықты тегін тасымалдай бастады.

«Қатты аяздың салдарынан Өскемен қаласындағы тұрғындарының жұмысқа келіп-кетуіне айтарлықтай қиындықтар туындап отыр. Сондықтан адамдар суыққа тоңып қалмас үшін өкілдіктен «Тегін» такси жобасын ұйымдастырып отырмыз. Имамдарымыз халықты таңертең және кешке тегін тасымалдап, қызмет көрсетуде» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Ол осынау аса сауапты іс суықтың беті қайтқанша жалғасады деп жоспарлап отырғандықтарын жеткізді. Қазіргі таңда облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлерінен құралған 20-дан астам көлік қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар облыстық мешіттен аялдамалардағы халыққа тегін ыстық шай және бауырсақ таратып жатыр.

Қала тұрғындары игілікті шара жасағаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіруде.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk