wrapper

Соңғы жазбалар

Күршім ауданыда «Бақытты отбасы-ұлы күш» атты аудандық семинар ұйымдастырылды.Атаулы жиынға «Күршім аудандық орталық мешітінің» наиб имамы, исламтанушы Ажы Шәмерхан қатысып, жас отбасыларға кеңес беріп, исламдағы ажырасудың зияны туралы, отбасы құндылықтары жайлы тағылымды кеңес айтты.

Шараға қатысқан мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер, жастар, мұғалімдер жастар тәрбиесіне қатысты ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиында жасырын кейіпкердің сұрауы бойынша наиб имам, күйеуінен жәбір көрген жас анаға исламдағы отбасы мен әйелдің орны туралы насихат айтып, шаңырақ иелерін ажыраспауға үндеп,кеңес берді.

Шара соңынан Астанада өрттен қыршыннан қиылған сәбилерге арналып дұға жасалды.

Күршім аудандық мешітінің

Баспасөз бөлімі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk