wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудан орталығында тұратын қарттармен кездесу болып өтті. Шараны аудандық мешітте болып өтті.

Жиынды Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов ашып, ақсақалдардың қоғамдағы рөлін арттыру, жастарды кері ағымдардан сақтану мәселелері жайында баяндады. Ауданның бас имамы: «Жастар жылына байланысты ақсақалдарымыз жастар тәрбиесіне аса мән беру керек. Қариялар ұлағатын жастарға көрсетуі керек. Біз бұл бағытта шаралар ұйымдастыратын боламыз. Қариялардан ұлағатты тәрбие алған жастар ертең иманды, адамгершілігі мол болып өседі» деді.

Басқосуда ақсақалдармен әжелер құнды ұсыныстарын ортаға салды. Жастарға салт-дәстүрді насихаттау мәселесіне байланысты құнды пікірлер айтылды.

Жиын соңынан қариялармен әжелерге мешіт атынан арнайы дастархан жайлып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk