wrapper

Соңғы жазбалар

Өскемен аймағы өкілдігі жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырып, сол арқылы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына  көмек жасап келеді.

Осы жарқын дәстүрді одан ары жалғастыру мақсатында ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы  Өскемен аймағы өкілдігі 2017 жылғы

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясын жариялайды. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға өкілдіктен көмек жасалады.

Қажетті заттар:

Мектеп формасы

Сумка

Оқу құралдары

Ат салысыңыздар, Ағайын!

Көмек облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қабылданады.

Байланыс телефоны:8 777 328 31 99, 8775 328 4912

Осы сауапты іске, мекемелермен ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, жеке азаматтар ат салысуға шақырамыз. Қазақ халқы ежелден Жетпегенге болысып,көмек қолын созған жұрт.

«Барыңды бөліссең көбейеді» демекші тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем берсек, ол жақсылық пен берекет болып Ұлы Жаратушы Алла Тағаладан қайтатыны сөзсіз.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім мейірімділік жасамаса, оған мейірімділік етілмейді»  деп өсиет еткен.

 Қасиетті Құран Кәрімде «Тағабұн» сүресінің 16-18-аяттарында: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі», – дейді.

Демек, қайырымдылық жасауға асығайық, ағайын!

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk