wrapper

Соңғы жазбалар

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық БАҚ өкілдеріне ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі арнайы дастархан жайып, құрмет көрсетті.

Басқосуға өңірге танымал Оңдасын Елубай, Әлібек Қаңтарбаев бастаған БАҚ саласының  аға буын өкілдерімен қатар қазіргі таңда ақпарат саласында еңбек етіп жүрген қарымды қалам иелері жиналды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, «Сіздер, асыл дінімізді халыққа дұрыс бағытта жеткізу, жасап жатқан шараларымызды дер кезінде насихаттап, қызметімізге зор қолдау көрсетіп, халықты дұрыс діни ақпаратпен қанымдау бағытында өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Қоғамда БАҚ-тың рөлі күшейе түскен бүгінгі таңда сіздердің әрбір таратқан ақпараттарыңыз аса маңызды» деп атап өтті.

 Ол сонымен қатар облыстық мешіттен жасалып жатқан игі шаралар жайлы да сөз барысында жеткізді.

 Жиында сөз алған БАҚ өкілдері өкілдіктің руханият бағытындағы шараларына көңілдері толатындығын жеткізіп,  үнемі қолдап, бірлесе қызмет атқаруға әзір екендіктерін білдіре келе, ризашылықтарын айтып өтті.

Өкілдік тарапынан басқосуға шақырылған журналистерге сый үлестіріп, дін  саласында қалам тартып жүрген тілшілерді марапаттады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа  Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk