wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

 «Мешітіміздегі жаздық оқуға ұлдар және қыздар тобына жалпы 100 ге тарта бала қамтылып отыр. Шәкірттерге алғашқы сатылы білім беріледі. Ұстаздарымыз да балаларға арнайы оқу жоспарын жасады. Күніне 2 мезгіл ас-су тегін ұсынылады. Балаларладың алаңсыз білім алуына барлық мүмкіндіктерді жасаймыз» деп атап өтті, ана-аналар алдында осы мешіттің наиб имамы Даулет Қабидолдин.

Ол сонымен қатар исламдағы білімнің маңызына тоқтала келе, қасиетті Рамазан айына ислами білімге қанат қаққан шәкірттерге сәттілік тіледі. Ата-аналарға ұстаздарды таныстырып, оқу тәртібі туралы айтып өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk