wrapper

Соңғы жазбалар

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында белгілі дін қайраткері Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Ресейдің Омбы, Алтай аймағының мүфтилері, ҚМДБ-ның ғалымдары мен өкіл имамдары, Халифа Алтайдың өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеуші ғалымдар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, белгілі ғалым, ғылым докторы Ислам Жеменей, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай, республикалық Алаштану орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай, Ресейдің Омбы аймағының мүфтиі Бота қажы Бакулин, Ресейдің Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат қажы Оқтаубаев, т.б. ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз баяндамасында: «Тарих қойнауына көз жүгіртсек, Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты, Қарақан мемлекеті, Алтын Орда империясы және Қазақ хандығы дәуірлерінде ата-бабаларымыз замана үдерісінен қалыс қалмай, қала мен көшпелі мәдениетті қатар дамытып, қал-қадерінше озық өркениет жасауға ұмтылды. Тарихи санамызды ояту мақсатында ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың ұйытқы болуымен 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. Ал 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттардың көшірмесі елге әкелінді. Бұл Елбасы айтқан рухани жаңғыруға әзірлік іспетті атқарылған ерен еңбектер еді. Осы тұрғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да 2013-2015 жылдар аралығын «Дін мен дәстүр сабақтастығы» жылы деп жариялап, осы мерзім ішінде салт-дәстүріміз бен асыл дініміз кеңінен насихатталды. Сонымен бірге, 2016 жыл – «Дін және тарих тағылымы» жылы деп аталып, тағылымға толы тарихымыз туралы бірнеше зерттеулер жарияланып, кітаптар жарық көрді, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл біздің Елбасының саясатын әрдайым қызу қолдайтынымызды және ҚМДБ-ның қоғам үдерісінен тыс қалмайтынын көрсетті», – деп атап өтті.

Айта кетейік, конференцияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі дәстүрлі исламның даму барысын саралау, Халифа Алтайдың еңбектерін насихаттау, жат ағымдардың алдын алу, дәстүрлі исламға негізделген ұлттық құндылықтарды таныту, т.б.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk